Қазақстан бойынша барлық қалалық жерлерде көлік қозғалысының жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін азайту ұсынылды.
Жаңа жол ережесі көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін енгізілмек.
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы институтының директоры Айдар Сәрсеновтің айтуынша, елдегі қалалар мен елді мекендерде көлік құралдарының рұқсат етілген жылдамдығын сағатына 50 шақырымнан асыруға тыйым салатын заң қабылдау көзделуде.
Мектептердің маңайында жылдамдықты тіпті 30-дан асыруға тыйым салынады.