Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Қазақстанға қоныс аударған қандастарымыздың саны миллионға жетті

111

24 жыл ішінде этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына жағдайларды жақсарту бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп отырды. Бүгін қазақ диаспорасының өкілдері әлемнің шамамен 40 елінде өмір сүріп жатыр.

«1991 жылдан бастап 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елімізге шетелден шамамен 1 млн-нан астам этникалық қазақтар келді, әлеуметтік мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Мөлшерлеп талдау жасадық: барлық келгендердің 75 пайызы ТМД елдерінің өкілдері және 25 пайызы басқа елдерден келгендер. Олар көбінесе Өзбекстан, Қытай және Моңғолиядан келгендер», – деді Мұрат Әбенов.

1991 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қаңтар айына дейін тарихи Отанына 261 104 отбасы немесе 957 772 этникалық қазақ келді, бұл жалпы еліміздегі халықтың 5,5 пайызды құрайды. Қазақстардың 61,6 пайызы Өзбекстаннан келді, 14,2 пайызы – Қытайдан, 9,2 пайызы – Моңғолиядан, 6,8 пайызы – Түркменістаннан, 4,6 пайызы – Ресейден және 3,6 пайызы басқа елдерден келді.

Оралмандардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды – 21,2 пайыз, Алматы облысында – 16,3 пайызы, Маңғыстау облысында – 13 пайызы, Жамбыл облысында – 9,4 пайызы және басқа аймақтарға – 40,1 пайыз. Этникалық қазақтардың ішіндегі еңбекке қабілеттілері 55,6 пайыз, 18 жасқа дейінгі балалар 39,9 пайызды және зейнеткерлер 4,5 пайызды құрайды. Еңбекке қабілетті этникалық қазақтардың ішінде 8,8%пайызының жоғары білімі, 20,6 пайызының – орта білімі, 60,8 пайызының – жалпы орта білімі бар және 9,8 пайызының – білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 24 қарашада Мелекет басшысы «Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына қол қойған болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз