Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Қазақский, русский, английский — три подружки!». Немесе үштілдікті қолдап жүрген кім?

2013 жылдан бері түрлі бағыттар мынадай шаралар жасалған екен:

  • 2013 жылғы қыркүйектен бастап республиканың балабақшаларында үштілділікті пайдалана отырып, балалармен біріктірілген сабақтар өткізу және олардың еркін жұмыс істеуі жүзеге асырылуда;
  • мектеп жасына дейінгі барлық білім беру мекемелерінде үштілдіктің кеңістігіне ену бойынша танымдық дамыту ортасы қалыптастырылды;
  • 2013-2014 оқу жылында үштілді оқыту шеңберінде орта білім беру жүйесіне 1-сыныптан ағылшын тілін оқыту енгізілді, 2016-2017 оқу жылында бұл оқушылар бастауыш мектепті тәмәмдайды;
  • 2016-2017 оқу жылында 1-сыныптан бастап, ағылшын тілі 1 сағатқа ұлғайтылып оқытылатын болады. Сөйтіп, 1-сыныпта осы пәнге аптасына 2 сағат бөлінсе, одан кейінгі жылдары екінші, үшінші, төртінші сыныптарда — 3 сағаттан оқытылатын болады;
  • 2018-2019 оқу жылына, 6-сыныптан бастап, барлық мектептерде, оқыту тіліне қарамастан, «Қазақстана тарихы» қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихы» — орыс тілінде оқытылатын болады;
  • 2019-2020 оқу жылынан бастап, жоғары сыныптарда мектептің қалауы бойынша Информатика», «Химия», «Биология», «Физика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту басталады;
  • Жоғары білім беру жүйесінде халықаралық стандарттарға сәйкес тілдерді оқытудың деңгейлік жүйесі енгізілді. «Қазақ тілі», «Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері бойынша бойынша жаңа тұрпаттық оқу бағдарламалары бекітілді;
  • 70 мектепте (63 мың оқушы – 2,3%), оның ішінде, 20 Назарбаев Зияткерлік мектерінде және 30 қазақ-түрік лицейлерінде үштіліді оқыту енгізілуде.

DSC_9749-e1466679925266

Алматыдағы «Престиж» мектебінде үштілділік көп жылдан бері үйреншікті дүниеге айналған

Үштілдікті қолдайтын кім?

Дегенмен, Қазақстанда ата-аналардың басым көпшілігі мектептердегі үшітілді білім беруді қолдайды, – деп хабарлап үлгерді Кapital.kz деген сайт. Білім берудің жаңа моделіне көшуді және оқушылардың дайындық деңгейін «Общественное мнение» дейтін зерттеу институты зерделепті.

Әлеуметтік зерттеуге 9- және 11-сыныптардың 1055 оқушысы (оның 66 пайызы қазақ тілінде білім беретін мектердің оқушылары болса, 34 пайызы орыстілді мектептердің шәкірттері) және бүкіл еліміз ойынша 1000 ата-ана (қалалықтар – 53,5 пайыз, ауыл тұрғындары – 46,5 пайыз).

Ата-аналардың 66 пайызы үштілділікке қолдау білдірсе, 81 пайызы өз балаларының ағылшын тілін білгенін қалаймыз депті

Реформаға негізінен еліміздің орталық (86 пайыз) және оңтүстік (69 пайыз) аймақтарының тұрғындары қолдау білдіріпті. Келіспеушілік білдіргендердің басым бөлігі (51 пайыз) республиканың солтүстігінде тұратыны анықталған. Мұндай жаңалыққа қарсылық білдірудің негізгі себептері ретінде олар маман-мұғалімдердің дайын еместігі мен құқықтық-нормативтік және оқу-әдістемелік базалардың дайын еместігін атапты.

Қазақстан мектептерінде шет тілін оқыту сапасы жауап алынғандардың жартысын толық қанағаттандыратын болып шыққан, қалғандары ішінара ризашылығын білдірсе, сұраққа жауап берушілердің тек 6 пайызы жағымсыз пікір біліріпті. Жағымсыз пікір білдірушілердің көпшілігі (69 пайыз) еліміздің солтүстігінде тұрады екен. Солай десек те, Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір екінші ата-ана бұл пәнде оқыту тиісті деңгейде жүргізіліп отырғанын айтқан.

Өз балаларының тілдік дайындығын жақсарту үшін ата-аналардың 34 пайызы олардың тіл курстарына жібереді, репетиторлар жалдайды екен. Негізінен Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары осылай жасайды екен.

Оқушылардың 8 пайызы қазақ тіліндегі білімін жетілдіруге ұмтылса, шәкірттедің 9 пайызы орыс тілі бойынша қосымша сабақ алады екен.

Қазақстандағы ең беделді тіл ретінде мектеп оқушылары қазақ тілін атапты (45 пайыз), орыс және ағылшын тілдеріне оқушылар 26 пайыздан қолдау көрсетіпті, ал респонденттердің 1 пайызы қытай тіліне артықшылық беріпті.

Мемлекеттік тілге негізінен еліміздің батыс (57 пайыз), оңтүстік (45 пайыз), солтүстік (45 пайыз), шығыс (43 пайыз) аймақтарындағы оқушылар білдіріпті.

Сондай-ақ, жауап алынған ата-аналардың жартысы ең беделді тіл — қазақ тілі деген сенімде, ал ағылшын тіліне қатысты балалар мен ата-аналардың пікірі бөлініп кеткен, ересек қазақстандықтардың тек 16 пайызы шет тіліне басымдық берген. Ата-аналардың үштен бір бөлігінен астамы ең беделді ретінде орыс тілін таныған, олар негізінен Шығыс және Солтүстік өңірлерінің тұрғындары.

Мақаланың тұпнұсқасын осы жерден оқыңыз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз