Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Қазақша үйренемін» деген қай шенеунік уәдесін орындады?

265

Осы уақытқа дейін керек етпей келген қазақ тілі енді ғана есіне түсіпті… Осы уақытқа дейін керек етпей келген қазақ тілін енді ғана үйренбек екен. 25 жыл бойы ай қарап жүрген бе сонда?

Құдай біледі, үйренбейді. Осы кеткені кеткен. Алда-жалда мемлекеттік тілдің мəртебесі көтерілмесе, қазақша екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын шенеуніктер өмір бойы осылай өтеді. Үйренбей, сөйлемей…менсінбей.

Ал «қазақша сөйлейтін боламын» дегені біздіңше, міндетсіну. «Сіздер сұрағаннан кейін, мен үйреніп көрейін» деген түрі. Анығында, бізге бұлардың қазақша сөйлегенінен, қазақша үйренгенінен келіп-кетер титімдей пайда жоқ. Осыны түсінетін уақыт жеткендей. Өйткені өзі үшін үйренбейді.

«Бұл менің тілім, оны білмеуім ұят, сөйлемеуім, тіпті, сорақы» деген түсінік болса,  айтқызбай-ақ əлдеқашан игерер еді.

Туған тілімен қайта қауышқан адам негізінде толықтай өзгеруі керек. Түсінігі, ой-пайымы, ұлтына деген көзқарасы…

Сосын біздің шенеуніктер үшін уəделердің ішіндегі ең жеңілі – қазақша үйрену. Үйренсе өзі үшін, біз үшін емес.

Осы уақытқа дейін қазіргі Үкімет мүшесінен бастап өңірлердегі əкімдердің біразы мемлекеттік тілді меңгеремін деп уəде берген? Берген уəделерін орындады ма? Жоқ. Анығы ұмытып кетті.

Себебі «сен неге тіл білмейсің» деп ешкім жағадан алмайды, ешкім жұмыстан шығармайды. Солай емес пе?

Бір қарағанда, билікте отырғандардың көпшілігі қазақ.  Солардың қайсысы қазақша сөйлеп кетті, айтыңыздаршы? Мысалға, Досаевтың қазақша сөйлегенін естіп пе едіңіз? Естіген шығарсыз, бірақ бұл қазақша емес. Оның ырымын жасау. «Салеметсіздер ме!», «Руксат етиниздер!»,  «Куттыктаймын!» немесе «бәріне түсінікті болу үшін орысша сөйлейін» деу аса қиын да емес.

«Қазақпен қазақтың қазақша сөйлесуі» алдымен биліктен басталуы керек еді. Əлде Назарбаевтың сөзі жоғарыда жүргендерге қатысы жоқ па? Қатысы бар, әрине.

Демек, нені аңғарамыз? Мемлекеттік тілді қарапайым халық емес, биліктің өзі керек етпей отыр. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағиданы алдымен биліктің өзі ұстануы керек еді. Өкінішті…

Аль Фредо

1464254208_a

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз