Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақ әншілерінің клиптері неге сапасыз?

Бүркіт, әнші:

– Өзіміздің үйреніп қалған стилімізден  өзгешелеу. Біз теңіздің жағалауында романтика туралы түсіруші едік, бұл жолы атыс, жарылыс, бізге тым қатысы жоқ.

Иә, Бүркіт көрерменін үнемі жаңа бейнебаянымен қуантып отырады. Әрі бір -біріне ұқсамайтындай етіп, ерекше ұсынуға тырысады. Алайда, олардың шетелде түсірілген бейнебаяндарын сынайтындар  жетерлік екен. Танымал журналист Жан Ахмадиев Бүркіт пен Аишаның түсірген клиптерін біраз сынға алды.

Жан Ахмадиев, журналист:

– Өздері қыдырады. Сөйтіп, өздері клип түсіріп келеді. Асығыс түсірген бейнебаян ешқашанда сапалы болып шықпайды. Тіпті, кез-келген жеріндегі ракурстарын қарасаңыздар статичный ала салады астынан, үстінен. Сөйтіп, екі, үш планмен клип жасай салады.

Бүркіт клиптерін уақыт оздырмай жылдам жасайтынын жоққа шығармайды. Небәрі бір, екі күннің ішінде түсіре салады екен. Дегенмен, өнер иесінің әрбір жұмысы өзіне де, көрерменнің де көңілінен шығатынын алға тартады.

 

Бүгінде бейнебаянның екі түрі көп түсіріледі екен. Біріншісі, трейкке құрылған бейнебаян. Яғни, әнші келбетін жалпақ жұртқа етене танытқысы келетіндер осыны таңдайды екен. Мұндай клиптің нарықтағы құны 5 мың доллардан басталып, 15 мың долларға дейін бағаланса, екінші түрі арнайы сюжетке құрылған. Оның нарықтағы бағасы 15 мың доллардан  30 мың долларға дейін жететін көрінеді. Ал егер әртүрлі эффектілерді немесе графика қолданатын болса клиптің құны да жоғарылайды.

Бүгінде клипмейкерлерге әншілердің қоятын талабы жоғары екен. Әсіресе, сапасы жоғары болуымен қатар, би топтарының көптеп қатысуын талап ететін көрінеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз