Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Қазақ күшінен айырылды ма? Ядролық қарудан бас тартпағанда Қазақ Елі қандай болар еді?

346

Бұл – айтыла- айтыла жауыр болған тақырып. Сондықтан да, біз аталған мәселеге басқа қырынан келіп қарауға тырысып көрейік.

Айталық, Тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарудан бас тартпай, оны игере бергенде Қазақ елі қандай бағытта дамыр еді? Себебі, кейбір азаматтар ара-тұра болса да «Әу баста ядролық қарудан бас тартпауымыз керек еді» деп айтып қалып жатады. Бұл пікір – Ресей мен Украина арасында дау туғанда қайтадан алдымыздан шығып отыр.

Шынында да, еліміз қуатты қаруды иемденіп отырса, дамудың даңғыл жолына түсерме еді, жоқ әлде өз басымен қайғы болып, жерімізден айырылып қаларма еді? Бұл сұраққа нақты жауапты, тіпті, білікті сарапшылардың өзі бере алмайды.

Дегенмен, зиялы қауым өкілдерінің арасында «ядролық қарудан бекер бас тарттық» деп санайтын азаматтар баршылық.

Солардың бірі белгілі экономист – Жангелді Шымшықов.

Оның айтуынша, халқымыз ядролық қаруды қаны мен жаны және денсаулығын құрбан ете отырып ұтып алған болатын. Сондықтан да, ол ядролық қаруды сақтап қалғанда алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан көрінуіміз әбден мүмкін еді деген пікірде.

– Будапеште ТМД мемлекеттерінің шекаралары бұзылмауы керек деген шешім қабылданған болатын. Соған қарамастан, Ресей Қырымды Украинадан тартып алды. Бұл деген сөз –

кімде күш болса, соның қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік бар дегенді білдіреді. Мәселен, кейбір мемлекеттер ядролық қаруға қол жеткізе алмай жүр. Өйткені, аталған қаруға қол жеткізсе басқа мемлекеттерге есесін жібермеуге мүмкіндік туады. Өкінішке қарай, біз сол мүмкіндікті өз қолымыздан беріп қойдық.

Қазір біз ядролық қарудан бас тартқанымызға қуанып отырмыз. Әйтсе де, біраз уақыт өткеннен кейін санымызды ұрып қалуымыз әбден мүмкін, – дейді Жанкелді Шымшықов.

y5wp4dd822gu7yji43z9tasi8bnfkmӘйтсе де, экономист ядролық қаруды игере аламыз ба, алмаймыз ба деген үлкен сұрақ болғанын жасырмайды. Өйткені, ол кезде ұлттық кадрларымыз жеткіліксіз болды. Ал ресейлік мамандардың бізге адал қызмет ету, етпеуі белгісіз болатын. Дәл сондай жағдайда ядролық қаруды ұстап тұру жас баланың қолына ұстара ұстатқанмен бірдей. Сондықтан да, атом бомбасынан бас тарту мәселесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымы дұрыс деп есептеймін.

Бұл – белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидың пікірі. Саясаттанушы мамандарымыздың басым көпшілігі орыстар болғандықтан ядролық қаруды бақылай алмай қалатын едік деген пікірде. Әйтсе де, Әзімбай Ғали Қазақ елі ядролық қарудан бас тарту арқылы бірнеше артықшылық алғанын айтады.

– Ең біріншіден, қалай болған күннің өзінде біздің қауіпсіздігімізге кепілдік берілді. Екіншіден, Қазақ елі ядролық қарудан бас тарту арқылы өзінің имиджін жақсартып алды. Мәселен, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілі болып 2 жылға сайланды. Үшіншіден, Қазақ елі әлемдегі ең ірі уран сатушы мемлекетке айналды. Біз мұнай мен бидай өтпей жатқан кезде уранның арқасында экономикалық жағдайымызды жақсартып аламыз. Төртіншіден, сүйкімсіз елдердің қатарына қосылып экономикалық санкцияға ұшыраудан аман қалдық. Бесіншіден, және ең бастысы жеріміздің тұтастығын сақтап қалдық. Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының ең бір керемет тұсы – өзгелердің жерімізге баса көктеп кіруіне сылтау жасауға мүмкіндік бермеді, – дейді Әзімбай Ғали.

Иә, бізге ең бастысы жеріміздің тұтастығының сақталғаны қажет. Ал жерімізді сақтап қалу жолында қандай шешім қабылдасақ та жарасымды. Себебі, жерсіз – Отан жоқ. Ал отан болмаса ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетесің. Бұл екінің біріне белгілі жәйт болса керек. Ұзын сөздің қысқасы, ядролық қарудан бас тартудың жақсы жағы да, жаман жағы да бар.

Алайда, Үкіметтің ядролық қаруға байланысты ұстанымы – Қазақ елінің болашағын айқындап беретін еді.

Нақтырақ айтсақ, 90 жылдары ядролық қаруды сақтап қалғанда, дәл қазіргі Қазақ елі болмас еді. Бәлкім біз мүлде басқа елде өмір сүрер ме едік. Кім білсін…

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз