Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақ көлік және коммуникация академиясы студенті қазасының себебі белгілі болды

«Әлішер Алиясилов 28.09.2016 жылы 22 сағат 30 минутта Райымбек даңғылында орын алған жол-көлік апаты салдарынан ажал құшты. Жолдан өтіп бара жатқанда оны көлік қағып кеткен. Алынған жарақаттар салдарынан ер жігіт жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды.  Өзімен жеке куәлігі, құжаттары болмаған», – деп хабарлады ІІД.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қаланың ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімінде қарастырылған сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жақын арада жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалады.  Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Іздестіру шаралары аясында қаза тапқан жігіт 29.09.2016 жылдан із-түзсіз жоғалған болып саналған  Алиясилов А. екені анықталды. Туыстарына хабар берілді.

Бұрын хабарланғандай, Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті 28 қыркүйекте үйінен шығып, кейін туыстарымен хабарласпаған. Соңғы рет оны колледжде көрген, жігіт ол кезде үйіне жиналып жатқан еді.    

20161002134258

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз