Өткенде ғана Франция құрамасынан 17:0 есебімен ұтылған футболдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы кеше Шотландия құрамасынан 8:0 есебімен тағы ойсырай ұтылды, деп хабарлайды vesti.kz.
Футболдан Қазақстан құрамасы Евро-2017 іріктеу туринирінде осымен екінші рет ірі есеппен жеңіліс тауып отыр.
Турнир Шотландияда өтіп жатыр.
Шотландияның қыздары ойынның алқашқы минутында-ақ есеп ашып үлгерген, ал бірінші таймды 3:0 есебімен аяқтаған.
Қазақстан құрамасы енді топтағы соңғы ойынын қазанның 15-і күні Хорватия қыздарына қарсы өткізеді.