Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақ банкирі өз-өзіне қол салып, өлмек болды

156

Қазақстандағы 3 ірі агрохолдинг: «Әліби», «Иволга», «Қазэкспортастық» тақыр тазға отырмақ. 3 холдингтің иелігінде елімізде қолданысқа берілген 11 млн егістік алқаптың 5 млн гектары тиесілі.  Олардың банк алдындағы қарызы – 4,6 млрд доллар. Бүгін үшеуі де банкрот. Демек, келесі жылы Қазақстанның астық экспорттауы екіталай боп кетуі мүмкін.

Нұрлан Тілеубаев “Инвест-АӨК” корпорациясы ЖШС-ның қожайыны, “Астық сақтандыру компаниясы” АҚ акциясының 50 пайызының иегері, “Әліби” холдинг” ЖШС-ның мажоритарлық үлескері, ал 2016 жылдан бері бүгіндері басына бұлт үйірілген Қазинвестбанктің басты акционері болды.

Ол қазақстандағы Forbes тіркеген ең бай адамдар тізімі қатарында 22-орында, ең ықпалды кәсіпкерлер рейтингінде 35-орында тұр. Оның байлығы 256 миллион долларға бағаланады деп жазады басылым.

Еске сала кетелік, ҚР Ұлттық банкі жарлығымен 26-желтоқсанда Қазинвестбанк банктік қызмет көрсету құқығынан айырылды. Қазинвестбанктің басшылықтағы қызметкерлері қызметінен шеттетілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз