Бұрынғы шахта қызметкерін сот жарылғыш заттарды саудалаумен айналысқаны үшін кінәлі деп тапты.
Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақалтын» АҚ-тың шахтасында жарылыстарды ұйымдастыру қызметін атқарып келген ер азамат белгісіз біреуге «Аммонит» жарылғыш заты мен оның 5 патронын сатқан. Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы, 3-бөлімі, яғни „Жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз түрде саудалау„ бойынша кінәлі деп табылды.