Нұр-Сұлтан
Қазір
29
Ертең
29
USD
457
+2.43
EUR
532
+3.64
RUB
5.32
+0.07

Аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан жігіт сотталды

Сонымен қатар ол жәбірленушіге 1,5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл сомаға әйелдің емделуге, адвокатқа жұмсаған шығындары және моральдық зиян кіреді.

Бұған дейін Илья Терёнов кісі өлтіру және қажетті қорғаныс шегінен асып кетіп, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру баптары бойынша жауапқа тартылған (Қылмыстық кодекстің 102 және 112-баптары).

Белгілі болғандай, 2020 жылы Ильяның үйіне анасы жұмыс істеген мейрамханадан ірі көлемде ақша ұрлады деп күдіктенген екі ер адам келген. Олар агрессивті түррде әрекет етіп, темір есікті сындырып, үйге басып кірген. Сол кезде 20 жастағы Илья оларды қолына пышақ алып қарсы алған. Ол ер адамдардың бірін пышақтап өлтіріп, екіншісін қатты жарақаттаған.

Сот Терёновтың отбасын қорғағанын мойындағанымен, оның қажетті қорғаныс шегінен асып кеткенін анықтады. Сондықтан ол екі жылға ғана бас бостандығынан айырылды. Сол кезде сотталушының психикалық денсаулығына қатысты мәселе де көтерілген, алайда ол ақыл-есі дұрыс деп танылды.

Илья түрмеден босап шыққаннан кейін 2026 жылғы сәуірге дейін тыныш өмір сүрген. Алайда ол кездейсоқ аялдамада тұрғна әйелге шабуыл жасап, оны полиция ұстап әкетті. Ол кінәсін бірден мойындап, бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргенін растады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз