Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Аяқ-асты құрылған Үкімет комиссиясы Жамбыл облысында жүр

Үкімет комиссиясының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, Қаржы вице-министрі Т.Савельева, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кірді.

Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады.

Бұл мәселе ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.

Айта кетелік, 17- ақпанда Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан №91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы кезінде күтпеген жерден қар көшкіні орын алды. Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметші қаза тапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз