Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Аягөзде “Тәуелсіздік таңы” атты ескерткіш ашылды

276

Қозы Көрпеш, Баян Сұлудың мекені де Қазақстанның өзге өңірлері сияқты биік белестерді бағындырып келеді. Тәуелсіздікке арналған еңселі ескерткішті ауданның бір топ қайраткерлері мұрындық болып, іскер азаматтар өз қаражаттарына тұрғызыпты. «Осылайша, ел мен жерге тағзым еткіміз келді» дейді олар. Жаңа нысан ардагерлер саябағының мәнін одан әрі аша түсті.

Советбай Тәнікбаев, Еңбек ардагері:

– Тәуелсіздік бүгінгі таңда біздің халқымыздың еркін жұмыс істеуіне, демалуына мүмкіндік беріп отыр. Біздің Аягөз өңірінде осы тәуелсіздіктің арқасында көптеген көшелер түзеліп, ауданымыздың орталығында 3 бірдей парк ашылды.

Ал салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан басшылары тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген толайым табыстардың барлығы береке мен бірліктің арқасында жүзеге асқанын атап өтті. Мұнан кейін білім, медицина, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы сияқты әр түрлі сала өкілдеріне мерекелік медальдар табыс етілді.

Гүлнәр Мусина, дәрігер:

– Медицина саласында 38 жыл жұмыс істеймін. Қандай қиын жұмыс болса да, ешқандай марапат күтпейміз,. Бірақ еңбегімізді Елбасымыз елеп, ескеріп, бізге осындай марапат беріп жатқанына мен көп рахмет айтамын! Еліміз өркендеп, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Соңғы 2 жылда ауданға тартылған инвестиция көлемі 192 миллиард теңгені құраған. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес ірі 4 жоба жүзеге асырылды. Мұның бәрі жаңадан жұмыс орындарының ашылып, халықтың тұрақтауына себепкер болып отыр. Осыған байланысты ауданда бірнеше тұрғын үй мен жатақхана салынып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз