Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

АвтоВАЗ және Lada — боқ сияқты. Зауыттың бұрынғы директоры шындықты айтты

Ішіне сыймай кеткен ғой.

Бұрынғы жұмысын кәдімгі боқпен (дерьмо дейді) салыстырыпты.

https://kaz.365info.kz/delika-nyn-konkurenti-orystar-lada-nadezhda-degen-miniven-shygarmakh-284823
Солай екен. Чехиялық режиссер Петер Хоркидің Sveriges Television каналында жария болған (оны каналға жазылғандар ғана көре алады) деректі фильмінде ол ресейлік ірі автоөндірушінің жайсыз жақтарын айтып берген.

Кезінде совет одағының жауһары болған АвтоВАЗ-дың шығынынан басқа түгі жоқ қазіргі Lada өндірісіне қалай айналғанын көзімен көрген ғой.

Бу Андерссонның даулы сұхбатынан алынған үзіндіні Inosmi.ru жариялапты. АвтоВАЗ-дың бас директоры болып тағайындала салысымен Бу босқа жүрген мыңдаған жұмысшыны көріпті.

«Бездельниктер еді» дейді. Күні бойы жертөледе жүреді және «обслуживаниемен» айналысады екенбірақ оларды нақты нені «обслуживать» етіп жүргенін ешкім білмейді. Олар тура жұмыс орнында шайын ішіп, шахмат ойнап отыратын.

Қазір енді, бәрін көрдім, білдім ғой. Мен Ресейдің мұндай екенін білгенде ол жерге жұмысқа ешқашан да бармас едім. АвтоВАЗ-дағы әрбір күнің босқа өткендей әсерде боласың. «Дерьмо» дер едім.

https://kaz.365info.kz/khymbat-lada-niva-bronto-degen-dzhip-shygypty-282645

Еске салсақ, Бу Андерссон АвтоВАЗ басшысы қызметінен 2016 жылдың басында кеткен еді. Renault-Nissan альянсымен бірге АвтоВАЗ-ға иелік ететін «Ростех» мемлекеттік корпорациясы 2015 жыл қорытындысы бойынша зауыттың үлкен шығынға батқанын Бу Андерссоннан көрген болатын. Ал Андерссон өз кезегінде шығынға 2014 жылғы экономикалық дағдарыс пен рубльдің девальвациясы себеп болды деп ақталған.

Сондай-ақ, ол отставкаға кеткеннен кейін берген бір сұхбатында жұмыстан кетуінің шын себебін жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты мүлдем қабылдай алмайтыны мен тым сапасыз бөлшектер жеткізетін басшылардың тамыр-таныстарымен жұмыс істегісі келмейтінімен байланыстырған болатын.
https://kaz.365info.kz/pravasynan-ysh-ret-ajyrylgan-zhigit-almatyda-tagy-sojkhan-saldy-269056

motor.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз