Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Автокөлігімен жоғалып кеткен астаналықтың мәйіті су қоймасынан табылды

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің Біріңғай тізіліміне тіркелді.

30 қазан күні облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Абай қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды.

Күдікті азамат 23-қыркүйекте өзара келісе алмай, жанжалдасып, жәбірленушіні өлтіріп алады. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті автокөлігімен су қоймасына итеріп, батырып жібереді. Күдікті осылай қылмысын мойындап, түсініктеме берді.

Бүгінгі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз