Астана тұрғыны Ауылшаруашылығы министрлігінің еліміздің кейбір өңірінде орын алған сібір жарасы дертін себеп қылып, пайдаға кенелгісі келіп отырғанын байқаған. Өзінің бұған қатысты дәлелін Астана тұрғыны Талғат Омаров қазір министрлікке жолдап та қойыпты.
„Сібір жарасы дертіне шалдыққан сиырларды арнайы пеште өртейік„ деген ұсынысты 8-шілде күні Ауылшаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім еткен еді. Осыған қатысты Астана тұрғыны „министрлік пешті нарықта жоқ, өте қымбат бағаға сатып алмақшы„ деді, – деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі.
„Біз өте қауіпті ауру жұқтырған малдың өлігін өртейтін жаңа пеш сатып алуды ұсынамыз. Бізде ондай екі пеш бар. Олардың біреуінің құны – 65 миллион теңге. Біз барлық облыс орталықтарына осындай жылжымалы инсинераторлардың 12-сін сатып алуды ұсынамыз„ деген еді.
Ал Омаров вице-министрдің осы айтқан бағасы өте қымбат деп санайды.
Оның пікірінше,
мұндай пешті екі есеге арзанға сатып алуға болады.
Талғат Омаров кезінде Астанадан осындай құрал-жабдық сататын фирма ашқысы келген екен. Сондықтан нарықта мұндай пештің қанша тұратынын ол жақсы білетін көрінеді. Нарықта мұндай пештің нақты құны 40 миллион теңге, тіпті, оны 30 миллион теңгеге де табуға болады екен.
Бағадан тыс, Омаров басқа мәселені де көтереді.
„Бізде күніне 30-50 басты өртейтіндей, мал күн сайын өліп, күн сайын ауру жұқтырмайды ғой. Ондай үлкен көлем жоқ. Ендеше, көп пештің не қажеті бар? ..
„Біріншіден, министрлік пешті өз бағасына сатып алсын. Екіншіден, үлкен мінберден ойларына келгенін айтып, шенеуніктер халықты ақымақ етпесін. Мысалы, Астанада 10 миллион теңгеге бір аялдаманы салған оқиға орын алды емес пе!
Сұмдық қой, бұл ақшаға аялдама емес, бір бөлмелі пәтер сатып алуға болады.
Халық соншалықты ақымақ па? Мен өз басым бұлайша басынуға жол бере алмаймын. Сондықтан министрлікке хат жазып отырмын„ – дейді Астана тұрғыны өзінің хатында.