Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Ауыл әйелдері тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалыпты деп санайды

320

Бұл жеткіліксіз

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі жаңа түзетулер бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ескерту немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қаупі төніп тұр.

Денсаулыққа аса зиян келтірмей, тек дене жарақатын салған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін 10 тәулікке дейін ескерту немесе әкімшілік қамауға алу көзделген.

Алайда, бұл шаралар жеткіліксіз деп есептейді “Қазақстанның Әйелдер күші альянсы” төрағасының орынбасары Азиза Шөжеева:

– Біз өзге шаралар кешенін қабылдауды ұсынамыз. Біріншісі — Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің кешенді жүйесі құрылуы тиіс. Бізге

тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға қол жеткізу қажет

Яғни ауырлық дәрежесі орташа және одан жоғары, сондай-ақ жүйелі түрде ұрып-соғып келгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің шеңберінде бап болуы және бас бостандығынан айырудың қандай да бір мерзімі көзделуі тиіс.

Бір шатырдың астында өмір сүруге болмайды

Алғаш рет қол көтергенде және ауырлық дәрежесі жеңіл болған жағдайда агрессор құрбаннан аластатылады. Яғни, екеуі бір үйде бірге тұрмауы тиіс. Ол үшін, біз ұсынғандай, балама болуы керек — 15 және одан да көп тәулікке қамауға алу, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту. Барлық осы

айыппұл мен ескертулердің айналасындағы әңгіме — бос әңгіме, бұл жұмыс істемейді

Ескерту — бұл мүлдем жұмыс істемейтін құрал. Агрессор үшін оның салдары маңызды емес, жауапкершілігін де арттырмайды. Яғни біз тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға қол жеткізуіміз керек. Және тиісті бап Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілуі тиіс.

Дағдарыс орталықтарының желісі

Дағдарыс орталықтарының инфрақұрылымы дамуы тиіс. Бүгінгі таңда олардың Қазақстандағы саны — 31. Алайда Көкшетау, Жезқазған, Семей, Түркістан сияқты қалаларда мұндай орталықтар мүлдем жоқ және

әйелдердің баратын жері жоқ, агрессордан балаларымен қаша алмайды

Қазақстанда бірыңғай колл-орталық жұмыс істеуі тиіс, қазір ол Алматыда ғана жұмыс істейді. 150 жедел желісі бар, бірақ ол негізінен Алматыда қызмет көрсетеді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Әйелдер Қазақстанның кез келген түкпірінен қоңырау шалып, туындаған жағдайдан шығу жолын қарастыратын, кеңес ала алатын “жедел желі” болуы тиіс. Өйткені

бізде әйелдердің құқықтық сауаттылығы өте төмен

Олар кейде қандай органдарға жүгіну керектігін білмейді.

Татуласу нормасын қайта қарау қажет

Татуласу туралы норманы алып тастау қажет. Яғни іс жүргізу мәселелерін де пысықтау қажет. Әлемдік практикада мынадай бар: егер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты үндеу болса, полиция оны бірден тіркейді де, қылмыстық іс қозғайды.

Бізде полиция құрбанның өтініш жазғанын күтеді

Бірақ құрбан психологиялық тұрғыда жаншылғанын ескеру керек. Ол қадам жасай алатындай өзін қалай сезіну керек? Ал

күйеуі мен туысқандарының қысымынан шығып, өтініш жазуы екіталай

Сондықтан істі бірден қозғау керек — тіркелген оқиға фактісі бойынша немесе көршілердің, туыстарының және басқа адамдардың айтуы бойынша. Құрбанның тарапынан ғана арыз күтіп отырудың қажеті жоқ.

Психология және алдын алу

Біздің құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істей алмайды. Демек,

құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне психологиялық білім деңгейін арттыратын курстар қажет

және, әрине, алдын алуды үйрете алуы керек.

Қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік болуы тиіс. Агрессорларды соттау қажет. Ақтау емес, соттау. Бұл жерде БАҚ пен біздің мемлекеттік органдардың үлкен жұмысы талап етіледі. Идеологияға жауап беретін және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті насихаттайтын адамдар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз