Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қауіпті қылмыскерді құрықтаған екі полиция қызметкері марапатталды

101

“Осы жылы 27 ақпанда сағат 22.00-де Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция қызметкерлері полиция старшинасы Марал Тұрғымбаев пен полиция сержанты Ерболат Рысбеков  қызмет бабында өнеркәсіп кешені орналасқан ауданның бірінде жасалған ұрлық жайлы хабарлама алды. Діттеген жерге жеткен олар құрылыс вагоны ішіндегі адамдардың құжаттарын тексеріп жатқанда ер адамның бірі екі полицейге тапаншадан оқ атты. Оқиға жабық кеңістікте, жарығы әлсіз, күтпеген жерде орын алды” делінеді баспасөз қызметі хабарламасында.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Қарағанды облысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Қаскүнемнің бұрын бірнеше рет сотты болғаны, оның ішінде кісі өлтіргені анықталған.

Бірнеше жерден жараланған полицейлер ауруханаға шұғыл жеткізілген. М.Тұрғымбаевқа төрт жерден, Е.Рыспековке екі жерден оқ тиген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз