Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
424
-1.11
EUR
498
-0.80
RUB
5.82
-0.03

Ауғанстанның құпиясы: талибтер есірткі бизнесін жоя алмайды

255

Есірткі – Ауғанстан экономикасының локомотиві. Ауғандықтардың кедейшілікке, індетке, жұмыссыздыққа және зорлық-зомбылыққа қарсы рецепті бар – көбірек көкнәр егу.

Әлем елдеріне жеткізілетін героин мен опиаттардың  80%-ын  осы ел қамтамасыз етеді. Құрғақшылыққа қарамастан есірткі көлемі тұрақты өсіп келеді. Өткен жылы, БҰҰ мәліметтері бойынша, егіс алқабы 37%-ға ұлғайған.

Талибтердің алғашқы тәжірибесі

Ауғанстан есірткі саудасын заманауи тарихта бір рет қана жеңе алды. Талибтердің қол астында болғанда.

Ғасырдың басында  талибтер алғаш рет билікке келген кезде, олар көкнәр егуге тыйым салды. Олар есірткі саудасымен айналысатын террорист атағынан арылуға және халықаралық мойындауға қол жеткізуге үміттенді. Олар үш жыл қатарынан тыйым салды. Үш жыл бойы оларға ешкім назар аудармады.

2000 жылы талибтер бұл іске шындап кірісті: олар журналистермен бірге бульдозерді егістіктерге жіберді және бірнеше шаруаларды әшкерелеп қамауға алды. Іске асты: егіс алқабының 90%-ы қурап қалды, ал әлемдік нарықта героиннің ұсынысы үш есе азайды.

Алайда, бұл саясат өте жағымсыз болды және талибтерден қолдау таппады, өйткені кедей шаруалар соңғы табысынан айырылды. Бұл сонымен қатар сыртқы саясатта да сәттілік әкелмеді. Талибтерді әлем бәрібір мойындамады: 11-қыркүйектегі анадай оқиға орын алды да, америкалықтар келіп, талибтер биліктен айырылды.

Ал бір жылға жетер-жетпес уақытта бәрі өз қалпына келді.

Көкнәр алқаптары гүлдене бастады, егін жинау аяқталғаннан кейін шикізат пен дайын өнім керуендері шекараға аттанды

Тарих 20 жылдан кейін қайталанды. Талибтер тағы да билікте, тағы да халықаралық мойындауды қалайды, ал әлемдік қауымдастық Ауғанстаннан опиын ағынын тоқтатын күнді асыға күтуде.

Бұл жолы бір нәрсе өзгере ме? Бұл сұрақтың жауабы есірткі дағдарысының себептерін талдауда және онымен күресудің жиырма жылдық тәжірибесінде жатыр.

Американдықтардың сәтсіздігі

Afghanistan Research and Evaluation Unit (AREU) ғалымдары: «2001 жылдан бастап есірткіге қарсы науқанның көкнәр дақылдарын жоюға немесе кем дегенде реттеуге бағытталған барлық күш-жігері сәтсіздікке ұшырады», – дейді.

Ақпан айында жарияланған мақалада американдықтарды Ауғанстаннан асығыс эвакуациялауға алты ай қалғанда, олар сәтсіздікті нақты стратегияның жоқтығымен түсіндірді. Яғни, есірткі саудасының барлық қиын жанама әсерлерін бір уақытта жою бойынша шаралар қабылдауға талпыныс болған жоқ.

  • Азаматтық соғыс
  • Қылмыс
  • Ауғандықтардың көпшілігінің балама табыс көздерінің болмауы
  • Негізінен жастардың есірткіге тәуелділігінің өсуіне байланысты әлеуметтік және медициналық дағдарыс

Осы қиындықтардың әрқайсысын бөлек шешуді қалады және нәтижеге тез қол жеткізгілері келді. Вашингтон мен Кабулдағы американдық билікке билік ауысқанына және АҚШ пен Ауғанстандағы одақтастарының әскери операцияларына қарамастан есірткі саудасының гүлденуі мен ауған героинінің көбеюін көрсеткен сыншыларға жауап беру үшін бірдеңе істеу қажет болды.

Нәтижесінде есірткіге қарсы барлық саясат күш қолдану әдістеріне әкелді. Америкалықтар талибтердің зертханаларын бомбалады және 2018 жылдың тамыз айына дейін барлық зертханалардың кем дегенде жартысын жойғанын хабарлады.

Бұл героинді шығару көлеміне әсер еткен жоқ. Технологиясы қарапайым: жойылған зертхана орнына жаңасын ұйымдастыру аса қиын емес.

«Олар мәселені тек техникалық құралдармен шешуге тырысты. Егістікті жою, басқа дақылдар отырғызу, тыйым салу. Олардың әрқайсысы қойылған міндеттердің кем дегенде біреуін шешуде дым пайдасыз болып шықты», – деп жазады AREU бас маманы Адам Пейн.

Тек цифрлар

Егер 1992-93 жылдары Ауғанстанда көкнәр 20 мың гектарға жуық жерге егілген болса, 2000 жылға қарай ол үш есе көп — 65 мың болды. Бұл АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтері. Сонымен қатар, американдықтар болған кезде егіс алаңы тағы төрт есе — 260 мың гектарға дейін өсті.

БҰҰ бағалауы бойынша, опиаттар елдегі барлық экономикалық белсенділіктің шамамен 10%-ын құрайды. Сонымен қатар, оларды өндіру, экспорттау және тұтыну көлемі Ауғанстанның барлық ресми экспортынан екі есе көп.

Бағаның өсуі мен түсім артқан 2017 жылы есірткі саудасы оған қатысы бар ауғандықтарға 1,4 млрд  доллар таза табыс әкелді.

Көптеген жылдар бойы бұл мәселемен жеке айналысқан AREU ғалымдарының тұжырымдары есірткі саудасы, қақтығыстар мен әлемдегі кедейлік арасындағы байланысты зерттейтін басқа мамандардың жұмысын күшейтеді.

Талибтер есірткіге тыйым сала ала ма

Өткен жылы Лондон университетінің профессоры Джонатан Гудханд бастаған зерттеушілер тобы осыған ұқсас зерттеу жариялады. Осы жылдың тамыз айында талибтер қалаларды басып алып жатқанда, Гудханд былай деп атап өтті:

«Жағдайдың дамуының кез-келген сценарийі — талибтердің жеңісі, азаматтық соғыс немесе бітімге келу жағдайында — Ауғанстанның көлеңкелі наркоэкономикасында ешқандай өзгерістер күтілмейді. Барлығы мәселені шешуге уәде береді, бірақ оның тамыры тым тереңде», – деп жазды ол.

Американдықтардың тұсында талибтер айтарлықтай аумақты қадағалап отырды. Және олар есірткі саудасынан барлық кірістердің үштен біріне дейін алып отырды. Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде террористік деп танылған және тыйым салынған өздерінің ұйымдарының жылдық бюджетін талибтер жарияламайды.

Бұл ретте мамандардың болжамы жылына 400 млн доллардан 1,5 млрд долларға дейін өзгереді. Бұл шартты соманың

талибтер шартты үштен бір бөлігін есірткі өндіру мен сатудан тапқан

Қалғандары ашық айтуға онша бейім емес шетелдік донорлардан келді. Бұл жерде ауған бизнесінің рэкеті заңды және аса заңды емес. Соның ішінде алтын, лазурит, изумруд, көмір, мәрмәр, мыс және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруді қосқанда.

Донорлар да, тау кеншілері де талибтерге немесе басқа билікке жеткілікті ақша әкелмейді. Ауғанстанның өмірі мен экономикасының негізі – есірткіден бір түнде бас тартатындай.

Жарлықтар көмектеспейді

Оның үстіне, соңғы он жыл ішінде есірткі саудасымен айналысушылар ауған опиаттарының сыртқы нарығын кеңейтіп қана қойған жоқ. Олар маңызды ішкі нарық құрды. Бұрын белгілі бір аймақтар мен халық топтары үшін қиындық туғызатын мәселе жалпыұлттық дағдарысқа айналуда.

40 миллион тұрғын бар Ауғанстанда есірткіге тәуелді тұрғындардың саны 2,5 миллион адамға жетеді. Бұл ретте емдеу және оңалту жүйесі жоқ, ал синтетикалық есірткілерге қолжетімділіктің жылдам өсуі мәселені тек қана ушықтыруды. Елде есірткіге тәуелділіктің әлемдегі ең жоғары көрсеткіштерінің бірі, әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе жоғары.

«Есірткі саудасы талибтер үшін де, қазір олармен күресуге дайындалып жатқан адамдар үшін де, жалпы халық үшін де өмір сүру стратегиясында тым үлкен рөл атқарады. Өкінішке орай, бұл фактор әлемдік героин нарығының өсуіне әкеледі. Ауғанстанда және көршілес елдерде нашақорлықтың өршуіне түрткі болады»,— деді Гудхэнд.

90-жылдардың аяғындағыдай, талибтер мемлекеттік құрылысты көкнәр өсіруге және есірткі саудасына қатаң тыйым салумен бастай алады. Бірақ олардың әкімшілік ресурстарының қоры жеткілікті ме? Өте тиімді нарық жақсы қаруланған АҚШ армиясының қысымына төтеп берді, тіпті күшейе түсті.

Экономика мен қоғамды нашақорлықтан арылту үшін талибтерге ақша керек болады. Сондай-ақ, бүкілхалықтық қолдау, жұмыс істейтін денсаулық сақтау жүйесі, елдегі бейбітшілік және әлемдік мойындау қажет.

Дәстүрлі пайдалы бизнесті тастауға бел буу керек. Сондай-ақ, онымен айналысқысы келетіндерді тоқтату үшін билік пен күш қажет.

Есірткіге тыйым салу туралы бір ғана жарлық жеткіліксіз болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз