Қазақстанда қолдан жасалатын жалған құжаттардың тізімі белгілі болды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.
– Жыл басынан бері ішкі істер органдарында ҚР Қылмыстық Кодексiндегі 385-бап бойынша, яғни жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу тұрғысында 1560 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.
Негізінен әуе билеттері, дипломдар, көші-қон карточкасындағы көші-қон полициясы қызметінің уақытша тіркеу мөрінің баспа-таңбасы, жүргізуші куәлігі және жер теліміне құқықты рәсімдеу
бойынша материалдар қолдан жасалады», – деп жазды ол.
Оның атап өтуінше, бұл әрекеттері үшін 171 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.