Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
29
USD
515
0.00
EUR
583
0.00
RUB
6.35
0.00

Әуе апаты: 38 адам қаза тапты, ұшақтың қара жәшігі табылды

Оның айтуынша, қара жәшік қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Төтенше оқиға Қазақстан аумағында болғандықтан тергеу жұмыстарын қазақстандық мамандар жүргізіп жатыр. Бірақ қара жәшікті зерттеуге шетелдік мамандар да қатысады.

Сонымен қатар, брифингте Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған барлық Қазақстан азаматтарының қаза тапқаны ресми түрде хабарланды.

Еске салсақ, Әзербайжан әуе компаниясының Баку (Әзербайжан) қаласынан Грозный (Ресей) қаласына бағыт алған ұшағы 25 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 11:30-да Ақтаудан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Жолаушылар рейсі Грозныйда қатты тұман салдарынан қоналмаған, бастапқыда Махачкалаға, кейін Ақтауға қайта бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз