Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Атышулы «Əділ Қытай» ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне нүкте қойылды

133

https://kaz.365info.kz/almatylykh-ajel-6-zhasar-sinlisin-zorlamakh-bolgandar-turaly-ajtyp-berdi-331770

Ал, Әділ Қытай лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Әділжан Зайнаудин 20 жылға сотталды.  Оған тағылған айып ауыр. 2006 жылдан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, адам ұрлады, заңсыз қару сақтады деген 10 бап бойынша кінәлі деп танылған. Енді қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейтін оның мүлкі де тәркіленеді.

“Зайнаудинге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, қылмыстық топтың иігілігіне жаратқан мүліктері тәркіленсін. Және өмір бойына мемлекеттік  қызмет атқаруы құқығынан айрылады”, деді судья.

Әділжан Зайнаудиннің нұсқауымен түрлі қылмыс жасады деп айыпталған өзге 10 адамға түрлі жаза кесілді. Оның ішінде тағы бір ұлы Бахтишат Арупов 6, Имаржан Кабиров 8 жылға сотталды. Қалғандары 3 жарым және 5 жарым жыл аралығында темір торға тоғытылды. Алайда, бұған дейін топ серкесі мен екі ұлы өздеріне тағылған айыпты мойындамаған болатын. іл Қытай» атымен белгілі қылмыс әлемінің мүшелері өткен жылдың мамыр айында тұтқындалған еді. Қылмыстық іс 153 томға жетіп, 500-ге жуық куәгер тартылған. Тіпті, олардың ісіне көз жұма қарап, қылмысын жасырып келген полиция полковнигі Бақыт Қасабеков те құрыққа ілініп, былтыр 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

https://kaz.365info.kz/apkem-zhokh-bolgan-kezde-okhushy-khyz-khyrsagynda-zhezdesinin-balasy-baryn-ajtty-331550

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз