Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Атышулы депутаттың ұсынысы жұрттың жағасын ұстатты

«Бұрын қазақтың аналары балаларын бұлай көшеге тастамаған, бұл біздің менталитет үшін жат. Өкінішке қарай, қазір мұндай оқиғалар көбейіп кетті, сәбилерді қоқыс жәшіктерінен және қоғамдық орындардан тауып алып жатырмыз. Мұндай жайттар республиканың барлық аумағында кездесіп отыр», – деді депутат.

Оның айтуынша, биылдың өзінде баланы тастаудың 8 дерегі тіркеліпті.

«Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 119 бабы “баланы қауіпті жағдайларда қалдырып кету” фактісі бойынша ішкі істер органдары 15 іс қозғады. 2017 жылдың 3 айында 8 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар өсіп жатыр. Қыздар ұрпақ жалғастыруы тиіс. Қыздарымыздың тәрбие-өнегесі – болашақ буынның тағдыры», – дейді Хаменова.

Оның пікірінше, балаларды қоқыс жәшігінде өлтірмеу үшін көшелерге шетелдегідей бэби-бокстар орнату керек.

«Кейбір елдерле “үміт бесігі” – бэби-бокс деген бар. Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және қоғамдық ұйымдарға күш біріктіретін уақыт жетті. Осындай “үміт бесіктері” көптеген батыс елдерінде медициналық мекемелердің жанында орнатылады. Осылайша, мыңдаған нәрестенің өміріне араша болды. Аталмыш бокстарды орнату орын алған жағдайды шеше алар еді», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз