Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атырау облысында құрылысшылар жатақханасынан өрт шығып, 4 адам қаза болды

Қазіргі уақытта қаза болған 4 адамның денесі табылды, 4 адам зардап шеккен. Қарабатан «Газтурбиналық электрстансысы» Атырау қаласынан шамамен 40 шақырым жерде, Қызылқоға ауданы аумағында салынуда. Ол вахталық қалашықта орналасқан. Өрт бүгін, таңғы сағат 08.41-де шыққан.

«Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысымдағы жұмысшылар – шамамен 20 адам болды. Осы уақытта 4 адамның мәйіті табылды. Тағы 4 адам зардап шекті», – деп атап өтті Р.Иманқұлов.

Жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метр шамасында. Өрт 10.25-те оқшауланып, 10.45-те толығымен сөндірілді. Оның шығу себептері анықталу үстінде. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облыстық өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз