Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Атырауда өзіне-өзі қол салған жігіттің анасына полиция қызметкерлері 2 миллион теңге төлейтін болды

Азаматтық іс Атырау қалалық сотында қаралды. Сотқа  өзін-өзі өлтірген жалғыз ұлдың шешесі арыз берді. Екі жауап беруші бұдан бұрын жас жігітті өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін айыпты деп танылған еді. Үкімге сәйкес, сотталған бұрынғы полицейлер жәбірленушіні азаптап, оны өздерімен сыбайлас болуға мәжбүрлеген, нәтижесінде шарасыз күйге түскен жігіт азапқа шыдамай, өз-өзіне қол салған.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, полицияның аға лейтенанты мен сержант 6 және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Сот шешімінің мәтініне сәйкес, қайтыс болған жігіттің анасы моральдық зиян келтіргені үшін әр жауап берушіден 10 миллион теңге, материалдық шығын келтіргені үшін 300 мың теңгеден өтемақы алуға арыз берген.

Атырау қалалық сотының шешімі бойынша, әйел адамға әр жауап берушіден материалдық шығын үшін 38,5 мың теңге, моральдық шығын үшін 1 миллион теңге төленетін болады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз