Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Атырауда өз-өзін кескілеген жігіт – бұзық жігіт боп шықты

199

30-шілдеде шамамен таңғы 04.00 уақытында Байтұрсынов көшесінде белгісіз біреулер қала тұрғынын сабап, тонап кеткен. Оның ұялы телефоны мен қалтасындағы 15 мың теңгесі қолды болған. Осы күні сағат 11.30 уақытында қала базарында полицияға ұрланған телефонды өткізбекші боп жүрген жігіттер туралы мәлімет келіп түседі. Базар күзетшілері олардың қолын қайырып, ұстап алғандарын айтқан.

„Базардағы күзетшілер олардың сатпақ болған телефонын тартып алып, өздерін ұстап алған. Сол кезде оның біреуі сытылып шығып, өзіне ешкімнің жақындамауын айтып, лезвіге ұқсас өткір затты алып, тамағына тақаған. Осы уақытта оқиға орнына учаскелік инспектор да келіп жеткен. Ол оған суицидке бармауды сұрап, өтінген. Осы мүмкіндікті пайдаланып, олар оқиға орнынан ізін суытқан„ – дейді ведомстваның баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Алайда бір сағаттан соң оның бірі құрықталған. Ол түнде Байтұрсынов көшесінде бір адамды тонағанын мойындаған. Екеуінің де аты-жөні анықталды. Олар алдында тонау ісі бойынша сотталған 1992 және 1994 жылдарғы атыраулық тұрғындар болып шықты.

Қазіргі уақытта тонауға қатысушы екінші адам іздестіріліп жатыр. Бұл іс сотқа дейінгі тергеу бірыңғай ресстріне – „Тонау„ , яғни 191-бап бойынша тіркелді.

Еске сала кетелік, алдында әлеуметтік желіде Атырауда тапа-тал түсте қақ көшенің ортасында өз-өзінің денесін қан-жоса етіп, тілгілеген жігіттің видеосы жарияланған болатын. Видеода өз-өзіне қол салған жігіт „Бәрінен шаршадым„ дейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз