Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
12
USD
480
+0.69
EUR
535
+1.20
RUB
5.16
-0.01

Атырауда сақалды жігіт өзінен бірнеше жас үлкен кісіні ұрып өлтірді

Әлеуметтік желіде Атырау базарындағы жанжалдасқан екі тұрғынның видеосы тарады. Артынан екі адамның фотосуреті де жарияланды. Желідегі жазбаға сенсек, қайтыс болған адам Қызылқоға ауданына қарасты Қарабау ауданының тұрғыны (Атырау облысы) Амандық Сағынғалиев.

Ол «Мерседес» көлігінің иесін тыныштандыруға тырысқан. Тіпті, сол сәт өзінде жөндеуге кететін шығынды өтейтін қомақты ақша бар екенін айтқан.  Бірақ Ахмедов сабасына түспей, оны жазалағысы келген. Оқиға орнына бірінші болып марқұмның қызы жеткен. Ол әкесін  жедел жәрдем көлігіне орналастырып жатқанда, Ахмедовтың әкесін балағаттап жатқанын естіген.
Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полицейлер тергеуді Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне – адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша жүргізуде.

Амандық Сағынғалиевтің туыстарының айтуынша, күдікті бұрын сотты болған. Ол басқа ер адамды пышақтап кеткен. Марқұмның туыстары қылмыстық іс куәгерлерінің полицияға хабарласуын сұрайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз