Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Атырауда отбасын бұзғысы келмеген ер адам сотталды

166

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені және адам өлтіргені үшін айыпталған С.А. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қайғылы оқиға 2016 жылдың 4-шілдесінде орын алған. Келіншек қызын балабақшаға кіргізбек болып тұрғанда ажыраспақ болған күйеуі келіп, олар ортақ мүлікті бөлу жайында сөйлесіп, араларында өзара келіспеушілік туындайды.

Отбасын сақтай алмаған ер азамат сол арада әйелін бірнеше жерден пышақтап, артынша сол пышақты өзіне жұмсайды. Алайда еркек тірі қалып, 43 жастағы әйелі есін жимастан, жан сақтау бөлімінде көз жұмған.

Сот үкімімен С.А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігі, яғни «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру», сондай-ақ 99-баптың 1-бөлігі, яғни «Адам өлтіру» бойынша қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, «қатаң» режимдегі түзеу колониясында 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз