Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Атырауда қынадай тиіп, елдің құтын қашырған рэкеттер сотталды

177

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында елді үркітіп, қоқан-лоқы көрсетумен тонаушы ұйымдасқан топтың мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу органдары сотталушылар екі ер адам мен бір әйелге қылмыстық топ құру және Атырау қаласында жеңіл жүрісті қыздардың притонын ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысу, сондай-ақ қорқыту-үркіту және заңсыз адамды ұрлап, бас бостандығынан айыру фактілері бойынша айып тақты.

Сотталғандардың бірі жәбірленушілердің қызметі мен олардың қалай ақша табатыны туралы мәлімет жинаумен шұғылданған. Сөйтіп, ол пайдакүнемдік мақсатпен өзінің қасына 2 адамды қосып, қылмыстық топ құрады. Ол көмекшісінің көмегімен жәбірленушілерді қорқытып, қарыз алғаны жөнінде жалған қолхат жаздырып, артынша осы қолхат бойынша олардан ақша жинап отырған.

Екінші сотталушы болса, жәбірленушілерге өзге бопсалаушылардан немесе полиция қызметкерлерінен қорғап, “крышавать” еткені үшін ақы алып отырған.

“Сот үкімімен сотталушылар ұйымдасқан топты құрғаны, оған қатысқандары және қылмыстық топ болып қорқытып, тонаумен айналысқандары үшін кінәлі деп танылып, қосымша жаза ретінде жеке мүліктері тәркілеуге алынды. Сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, қалған екі сыбайласына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде екі ер азаматқа қатаң режим, ал әйелге жалпы режимдегі түзеу колониялары белгіленді”, – делінген ведомство хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз