Атырау қаласында „жұмысқа тұрғызамын„ деп елден ақша жинап, артынан оларды жер сипатып кеткен алаяққа қатысты қылмыстық іс 2016 жылы қозғалған.
Өткен жылдың күзінде күзінде Р.С. деген азамат жәбірленуші үш азаматтың сеніміне кіріп, оларды «Іскер» мекемесіне стропальщик ретінде жұмысқа орналастыруға уәде берген. Бұл қызметі үшін алаяқ олардың әрқайсысынан 35 000 теңге талап еткен. Олардың әрқайсысы «Қазақстан Халық Банкі» банкоматына 35 000 теңгеден ақша аударған.
„Атырау қаласының № 2 сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен, 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен, 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған Р.С.-ға қатысты қылмыстық іс сотталушының амнистияға байланысты босатылуымен қысқартылды„ делінеді соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.