Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Атырауда бір айдан бері мал қырылып жатса да ресми органдардан үн жоқ

Ауданда 45 жыл бойы мал дәрігері болып қызмет еткен Уап Қалуовтың айтуынша, мүйізді ірі қараның бұлайша ауыруы – бірінші рет. Ақсақал бұл індет бізге сырттан келді дейді. Яғни, жазғытұрым Ресейден, нақтырақ айтқанда Дағыстаннан Атырауға еркек мал тасымалданады екен. Ал осындай ауру аз уақыт бұрын Шешенстан мен сол Дағыстанда тіркеліпті.

– Мына сиырға 12 күн болды тұрғанына. Ауру мал келді, оны ешкім зерттеп жатқан жоқ, кілең бір-бірін қошеметтеп отырған адамдар!, – дейді Құрманғазы ауданының тұрғыны Уап Қалуов.

Көкарна ауылынан басталған ауру іле-шала көрші елді-мекендердегі ірі қараны да сұлатқан. Малмен күн көріп отырған тұрғындар барынан айырылып, қымбат дәрі алып, өздері амалдап отыр. Оның өзінде бір сиырға кемі 20-30 мың теңге керек.

Ірі қараның белгісіз ауруға шалдыққанына айдан астам уақыт өткен. Жергілікті тұрғындар өз беттерінше ем-дом жасағанымен, нәтиже болмай тұрған көрінеді. Ал малдың өлексесін өртеп немесе ауыл іргесінен қазылған шұңқырларға әкеп тастап жатыр.

Жергілікті басшылар түсінік жұмыстарын жүргізіп, карантин жарияламақ түгілі қарасын да көрсетпеді дейді тұрғындар. Бірақ, әкімдіктегілер қаражат бөлініп, қажетті дәрі алынып жатыр, деп азар да безер. Тек нақты диагноз анықталмайынша, артық қимыл жасамай отыр екен.

– Қазақтың ғылыми зерттеу институтынан екі ғылым докторы келді. Малдан сынамалар алып кетті, қан алды, қорытындысы әлі шықпай тұр. Енді бұрынғы заман емес, қазір лабораториялық зерттеу қорытындысы мен шешім алынады ғой, – деп түсіндірді Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Әлімбай Әбдірахманов.

Қазір ауданда мың жарымға жуық ірі қара белгісіз ауруға шалдыққан. 40 бастан астамы арам қатқан. Әкімдіктегілер, аурудың таралуына жұрттың өзін кінәлады. Өйткені, жем-шөпті үнемдегендер ауру малды өріске өзгелермен бірге жіберіп, жағдайды одан әрі ушықтырып отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз