Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атырауда бастықтарының былығын әшкерелеген экс-полицей қайта сотқа әкелінді (видео)

Ал олардың басшылары болған Атырау қалалық криминалдық полиция бастығы Нұрболат Қабдешев пен аға жедел уәкіл Бейбіт Шалтеновке қатысты қозғалған қылмыстық іс бөлек қаралмақ. Қазір уақытша тергеу қапасына қамалған екеу«топ болып, пайда табу мақсатында қызмет бабын асыра пайдаланды» деп айыпталуда. Сондай-ақ, осы іске негіз болған атышулы хаттың авторы Манарбек Өтеуов те бүгін сотқа әкелінді. Ол бұл жолы 4 бап бойынша жауап бермек.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан азаматын өлтіріп, 22 жылға сотталған экс-полицей Өтеуов, соңғы сөзінде өзінің тек бұйрықты орындағанын, шын қылмыскерлерді әшкере ететінін айтқан болатын. Артынша, түрмеде жатып түрлі қылмыстар баяндалған, лауазымды тұлғалардың аты-жөні аталған хатты жариялаған еді. Хатта аты аталғандар түгел қамауға алынып, енді сотта жауап беріп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз