Сыраны кәдімгідей сіміріп, темекіні құшырлана сорып, күлсалғышқа түкіріп отырған мына жас қыздың сөзіне сенсек, Атырауда «авторитет» қалған жоқ екен. Бірақ онымен бір үстелде отырған екінші қыз бұл пікірімен келіспейді!