“Атырау су арнасы” мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қамауға алынды.
Бұл туралы Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
№2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы «Атырау Су Арнасы» мемлекеттік кәсіпорынның директорына қатысты екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті.
«Тергеу нұсқасы бойынша, А.Ташлыков ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармақшасында қарастырылған қылмысты, яғни жалған келісімшарт жасау арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіруде», – деп хабарлады №2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі.