Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Атырау облысының экс-әкімі жауап алу үшін Астанаға шақыртылды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиев Б.С., Рысқали А.С., Әлбақасов Р.С және тағы басқаларға қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аты аталған азаматтар 2018 жылы 2 наурызда сағат 10:00-да Ұлттық бюроның әкімшілік ғимаратына келуі тиіс», – деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Іс материалдары бойынша, Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған, мемлекет мүлкін және бюджет қаражатын өз иелігіне өткізген.

Рысқалиев және басқа да тұлғалар мемлекет аумағынан сыртта болғандықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламаны БАҚ-та жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз