Атырау облысында 3 автокөлікке жолаушыларды шамадан тыс отырғызып, тасымалдаған Өзбекстан азаматтары ұсталды. Көлік салонын қайта жабдықтап, 7 адамға арналған шағын автобусқа 15 жолаушыны сыйғызған, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Жүргізуші Маңғыстау облысынан шығып, Ресей Федерациясының Астрахань қаласына бара жатқанын айтты.
“Аталған автокөліктердің де 3 жүргізушісі – Өзбекстан азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590,593-баптарына сәйкес барлығы 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 697 заңбұзушылық анықталып, хаттама толтырылды”,-деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.