Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атырау облысында инновациялық технологияны қамтитын 41 жоба жүзеге асқан

166

«Аграрлық сектор» бағыты бойынша партиялық куратор, облыстық мәслихат депутаты Айгүл Мұхамбетқалиқызы төрағалық еткен комиссия отырысында өңірдегі заманауи технологияның дамуы туралы сөз болды. Жиында облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму бас­қармасы индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы Гүлфайруз Ма­ратқызы ҚР индустриялық-иннова­циялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық технология­лардың даму мәселесінің облыстағы жағдайын баяндады.

Гүлфайруз Маратқызының ай­туын­ша, облысымызда индустриялық-инно­вациялық дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Кәсіпкерлікті қолдау кар­тасы шеңберінде жалпы құны 92 млрд теңге құрайтын 2920 жұмыс орнын ашу­мен 41 жоба іске қосылған.

Аталған жобаларды іске асыру нәти­жесінде мұнайхимия, фармацевтика саласы, ешкі сүтінен өнім өндірісі, ты­ңайтқыш (биогумус) өндірісі, ірі га­баритті машина жасау, бұрғылау кешен­дері мен қашаулары және басқа да жаңа секторлар құрылды.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде Қазақстанда баламасы жоқ өнімдердің жаңа бірегей түрлерінің өндірісі бас­тал­ды. Оның ішінде оптикалық талшық кабель, бұрғылау қондырғылары, PDC бұрғылау қашаулары, металлпластикалық құбырлар, ірі габаритті және аса ауыр қондырғылар бар.

Айталық, «Жігермұнайсервис» ком­паниясымен NOV америкалық ком­паниясы тартылып, Сервистік қызмет көрсету, телеметрикалық жүйелерді қол­данумен көлбеу бұрғылауды жөндеу және техникалық сүйемелдеу жобасын іске асыру үшін технологиялар мен жабдық­тар ұсынылған.

Соған қоса, қуаты 2500 ат күші және 7 мың метрге дейін бұрғылау тереңдігімен бірінші отандық бұрғылау қондырғы­сының өндірісі кезінде Discovery Drilling Equipment Ltd. британдық компания тартылды.
Бүгінде «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-мен General Cable (дочерняя ком­пания General Electric) испан компа­ниясымен бірлесіп байланыс үшін мыс кабелінің өндірісі бойынша және Fujikura (Фуджикура) жапон компаниясымен бірлесіп оптикалық талшық өндірісі бойынша жобалар пысықталуда.

«Казахстан Интегрейтед Сервисез» ЖШС-мен «Kisco UK» британдық ком­па­ниясымен тығыздағыш төсемдер шығару жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі келісімшарт жасақталған.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық ай­мақ аумағында «Полимер Продакшн» компаниясымен «Полимерлік өнімдер өндірісі» жобасы іске қосылып, полиэ­тилен пленкасы, полипропилен қаптар, биаксиальді-бағдарланған полипропи­лен пленкасының өндірісі ретке кел­тірілді.

Биаксиальді-бағдарланған поли­пропиленді қабыршақтың өндірісі Қа­зақ­стан бойынша жоқ екенін атап өту керек.
Жалпы, Атырау облысының әкім­ді­гімен инновациялық үдерістерді дамыту және өңірлік инновациялық жүйелер құру бойынша жұмыс жасалуда.

Инновациялардың өңірлік ор­талығы болып «Атырау Innovations» ЖШС анықталған. Жаңа инно­вациялық жо­баларды енгізу, халықтың инновациялық белсенділігін ын­таландыру, облыста инновациялық инфрақұрылымды да­мыту, шетелдік және отандық инвес­торларды іздестіру, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері арасында тіл­десу алаңын құру, инвесторларды қы­зықтыратын мәселелер бойынша кеңес беру қыз­метінің негізгі бағыттары болып та­былады.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен «Тех­нологиялық дамыту жөніндегі ұлт­тық агенттік» АҚ және «Атырау Innovations» ЖШС бірлесіп өнеркәсіп кә­сіпорындары, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институттары өкілдерінің қатысуымен инновациялар дамытуды қолдау тетіктерін түсіндіру бойынша семинарлар және тұсау-кесерлер өткізілуде.

Сайып келгенде, Гүлфайруз Марат­қы­зының айтуынша, өңірдің иннова­циялық белсенділігін арттыру үшін Атырау облысында барлық қажетті жағ­дай­лар жасалған. Айталық, өңірде техно­логиялық бизнес-инкубатор, иннова­ция­лық кәсіпорындар және ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстары үшін ғы­лыми институт орналастыру мүмкіндігі бар. Ал «Атырау Innovations» ЖШС кон­сультациялық жұмыстар жүргізіп, грант алу тәртібінде жобаларды жүйе­лейді.

Экономикалық саланың дамуына зор үлес қосып отырған өңірдегі мемлекеттік индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жаңа техноло­гиялардың келуі, оларды отандық ма­мандардың үйреніп, жұмыста қолдануы заман талабынан туындап отыр. Сон­дықтан да жоғары оқу орталықтарымен ынтымақтастық, инновациялық жоба­ларды іске асыру үшін шетелдік серік­тестер және технопарктермен ізденіс пен бірлесе жұмыс істеу жолға қойылып отыр.

«Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссия отырысында облыстық кәсіпкерлік және индустрия­лық-инновациялық даму басқармасы индустриялық-инновациялық даму бөлімінің басшысы Гүлфайруз Марат­қызына жалпы ішкі өнімдер үлесін арт­тыру мен өзге де сауалдар қойылып, жауап­тар алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз