Атырау қаласындағы Бейбарыс алаңында 80-90 жылдардың әндері орындалатын үлкен би кеші өтпек.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Шара Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтетін көрінеді.Онда 80-90, 2000 жылдардың хит-әндері орындалады деп күтіліп отыр.
“Бұған дейінгі дискотекаға 5 мыңдай адам жиналған. Кешкілік жұма кешінде адамдар жұмыстан шаршағанына қарамастан, барлығы отбасымен келіп, үш сағат бойы биледі”,-дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетерлігі, ретро-әндер дискотесына жеті мыңға дейін адам келеді деген болжам бар.