Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қатыгез ана ақталып жатыр: “Мен ұрған жоқпын, оның қаны да шыққан жоқ”

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес. Үш айлық кезінде анасы нәрестені емізуден бас тартқан. Біз оны перинаталдық орталыққа апардық, онда баланы тамақтандырды. Ал жарты сағаттан соң баланың анасы келіп, өзінен қызды тартып алғанын хабарлады. Айлиннің екі жасар кезінде қолын шығарып алды. Біз баланы ауруханаға апарып қолын салдырттық, оған гипс байлады”, – деді ер адам.

Оның айтуынша, баланың анасы мен інісінің ара қатынасы о бастан дұрыс болмаған.

Бір жыл ішінде олар айырылысып, қайта қосылып жүрді, ал Айлин туылған кезде жағдай одан ары ушыға түсті. Ер адам 3,5 жасар қарындасының жәбір көрген сәтінің видеосын Желіге өзі салғанын мойындады.

Оның сөзіне қарағанда,

осы видеоны отбасы 3 күн бұрын алған. Қыздың анасы Нұргүл Докуова бірінші кезекте WhatsApp арқылы бұрынғы күйеуінің ата-анасына жіберген. Ол видеоға сіздердің немерелеріңіз осылай тәрбиеленіп жатыр деп жазған, осыдан кейін баланың әкесіне жіберген.

“Жазбалардың барлығын біз сақтап қойдық, онда ол қоқан-лоққы көрсетіп, өлтіремін деп те жазған. Ол осы әрекетімен өзінің отбасына күйеуін қайтармақ болған. Біз осының барлығын құзырлы органдарға тапсырдық. Қыздың анасы осы видеоны өзі түсіріп бізге жіберді. Видеоны алған бетте біз оның тұрғылықты мекен-жайына барып, учаскелік полицейді, кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс инспекциясын шақырдық. Біз барлық жәйтті куәландырдық. Учаскелік полицей бір қағаздарды толтырып, іс сонымен бітті.

Біз Айлиннің тағдыры үшін алаңдадық. Анасынан ақыры асырағысы келмесе бізге беруді сұрадық.

Бірақ оның заңгері бұл видеоның монтаж екенін айтып, біздің ештеңе істей алмайтынымызды алға тартты. Анасының осындай қатігездігін көріп, мен осы видеоны әлеуметтік желіге салуды жөн көрдім

, – деді ер адам.

Оның айтуынша, Айлиннің тағы өгей әпкесі Айғаным деген қыз бар. Қыз бала екінші сыныпта оқиды және жарымжан.

“Біз үлкен қызды да кіші қызды да тәрбиелеуге дайынбыз. Біздің ойымызша анасының бұл қылығы дұрыс емес. Біз оның психикалық дені сау еместігін дәлелдеуді талап етеміз. Сонымен қатар, қамкорлық көрсететін органдар баланың өміріне араласса дейміз. Қазіргі уақытта бала тамақ ішпеген болуы мүмкін, ол жұдырық жұмсамаса да азаптауды тәсілі көп емес пе?”, – деді ер адам.

Жағдайға тура қарау үшін біз жәбір көрген қыздың анасымен хабарластық.

Әйел адам эмоцияға беріліп, бұл оқиғада өзінің еш кінәсіздігін алға тартып, видеоның желіде тарап кетеді деп ойламағанын айтып, құрбан болғанын мәлімдеді. Қыздың анасы видеода өзінің дауысы екенін мойындады: “бірақ мені жалған айыптап отыр”, – дейді.

“Мен оны ұрған жоқпын, оның қаны да шыққан жоқ”, – деді әйел.

Сонымен қатар, ол бүгін үйіне полиция қызметкерлері мен қамқорлық органынан адамдар келгенін айтады.

Расталмаған мәліметтер бойынша, ер адам анасынан өз баласын алғысы келеді екен. Айта кетейік, павлодарлық әйел жақсы жерде жұмыс істейді және қомақты мөлшерде жалақы алады.

Осыған дейін, өзінің баласын ұрып соққан сәтін видеоға түсірген әйелдің 34 жастағы павлодарлық екені хабарланған. Осы іс бойынша “Балаларға қатысты қатыгездік жасау” бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

https://www.instagram.com/p/BMA3eMvAYJp/?taken-by=vse_obo_vsem_kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз