Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әттең, әкең қасында жоқ…”. Айсәуле Бақытбек неке жүзігін тақты (фото, видео)

298

Желідегілер Айсәуленің өмірдегі бұл жаңалығын қуана қабыл алып, құттықтауларды қарша боратты.

Желідегіледің бірі: „Әттең, осындай күні қасында асқар таудай әкең жоқ„ деп көңілді бір қозғап қойды.

 

https://kaz.365info.kz/khokhyskha-ykhsajtyn-ajsaule-birge-tyrgan-zhigitinin-nege-tastap-ketkenin-ajtty-297643

Айта кетелік, Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек бұған дейін жігітімен азаматтық некеде тұрғанын және мұнан кейін жігітінің тастап кеткенін ашық айтып, жазба жариялаған.

«Егер қыздарыңыздың өмірінің соңына дейін пәктігін сақтап өткенін қаласаңыз немесе азаматтық неке туралы нашар ойласаңыз, бұл жазбамды оқымай-ақ қоюыңызға болады. Өз басым азаматтық некені қолдаймын. Десе де дәстүрлі некеге де еш қарсылығым жоқ. Шынымды айтсам, басқа ересек адамдардың қарым-қатынасында шаруам жоқ. Өз басымнан өткен жағдайдан түсінгенім, егер үш жыл бұрын жігітіммен азаматтық некеде тұрмас бұрын, бірден тұрмысқа шықсам, онда некеміздің Ким Кардашьян и Крис Хамфристікіндей оқиғамен аяқталатын еді деп ойлаймын. Себебі мен отбасылы өмірге мүлдем дайын болмады.

Ұялсам да айтайын, біздің үйіміз ғашықтардың мекенінен гөрі, қоқыс үйіндісіне ұқсайтын. Салдарынан Алматыға келе сала ол мені тастап кетті.

Несін жасырайын, мен оны түсінемін. Біз жарты жылға айырылыстық. Бұл уақыт мен үшін өте тиімді болды. Есесіне қазір мен үй жинауды, тамақ жасауды және керек жерде ер адамнан төмен тұруды үйрендім. Ең бастысы, ынта-ықылас менің тарапымнан ғана болмады. Жігітім де есейіп, көп нәрсеге басқаша қарайтын болды. Қазір мен жігітіммен өз өмірімді бөліскім келетінін түсіндім. Десе де некеге тұруға әлі де асықпаймыз. Біз ақша табуға асығып, болашаққа жоспар құрып, мақсатымызға жету жолын жоспарлаудамыз», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

https://kaz.365info.kz/akemnin-zhokhtygy-zhanyma-batady-ajsaule-bakhytbektin-zhazbasy-zhyrtty-zhylatty-foto-276385

Бұдан бөлек Айсәуле әкесін сағынып жүргенін жазып, желідегілердің көңілін де бір қозғап еді.

«Менің өмірімде ең бір қиын күндер болды, негативтер, мен ондай сәттерімді желіде бөліскім келмеді… Себебі ол барлық жерде болды… Отбасымда, жеке өмірімде, қоршаған ортам және ең көбі менің өзімде. Маған жиі айып тағылатындықтан сіздердің «сынға» көп жылдар бойы иммунитетім қалыптасып қалды және сол кезде мен алғаш рет өзімді сүймейтінімді, білмейтінімді сезіндім. Осы уақыттар аралығында мен өзімді құрдымға жіберіп келдім, кейіннен өз әрекетімді саралап, қорытынды шығардым, өзгердім және есейдім», — дейді ол.

Айсәуле Бақытбек соңғы бір жыл ішінде өмірінде түрлі қиыншылықтың орын алып, отбасылық үстелдің бір орны бос қалғанын айтты.

«Иә, ешқашан қайталанбайтын және біржола жадымнан өшіріп тастағым келетін сәттер жиналып қалды. Орындалмаған армандарым, ұмытылмайтын өкпе мен отбасы үстелінде бос орын қалды. Бірақ мен ең қараңғы түн жарқыраған таңның алдында болатынына сенемін. Мен тіпті жаңа шыққан күн шапағының жанымды жылытатынын сеземін»,-дейді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз