Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Атасынан қорқатын…”. Қайын атасы пышақтап өлтірген Ақеркенің туыстары шындықты айтты (фото)

299

2015 жылы Ақерке мен Саят Қозыкешов шаңырақ көтеріп, бір жылдан соң жас жұбайлар ажырасып кеткен.

https://kaz.365info.kz/auyndy-zhinap-otsaj-zhasyryn-kameraga-tysip-khalgan-khajrat-nyrtastyn-ajeli-tagy-da-yyatkha-khaldy-video-325367

Күні кеше ғана Оралдағы ауданаралық мамандандырылған сотта келінін баумен қылқындырып, кейін пышақтап өлтірген Асылбек Омаровқа қатысты сот отырысы өтті. Сот барысында айыпталушы 8 сәуір күні орын алған жағдай туралы қандай да бір мәлімдеме жасаудан, сонымен қатар марқұмның туыстарына 10 млн теңге моральдық шығынды төлеуден бас тартты.

Сондықтан да, судья ол кісінің алдыңғы жауабын оқыды. Бұл құжаттама қағазда оқылған деректерге сүйенсек, Асылбек Омаров басында қол жұмсаймын деген ойы мүлдем болмаған екен. Бірақ сотталушының айтуынша, Ақерке оны балағаттап, ашуына тиген. Мұндай сөздерге шыдамаған ол Ақеркеге жұдырық ала жүгіріп, аямай тепкілеген. Одан кейін шалбардың бауымен буындырып, кеуде тұсына суық қаруды сұғып алыпты.

«Бұл қылмысты Асылбек Омаровтың жалғыз өзі істегеніне сенбейміз. Менің ойымша, бұл қылмысты ол келінінің бұрынғы күйеуі Саят Қозыкешовпен бірге істеген.

Оны іздестіріп жатқанда, Саят қан іздерін киімінен жуып тастаған. Қылмыстан кейін оны 10 күн бойы іздестірді», – деді марқұмның анасы.

«Ол атасынан өте қатты қорқатын, жасқанатын. Ақерке қызымыз біреуді балағаттап, дөрекі сөз айту дегенді білмейтін. Кішкентай кезінен бастап «барған жеріңе балдай батып, судай сің» деп ақылымызды айтып отыратынбыз. Тәні қара жер қойнауында жатса да, артынан түрлі қауесеттер таратты. Барлық жасап жатқан іс-әрекеттерінің басты мақсаты жазаны жеңілдету. Енді , міне аққа қара жағып, жала жауып отыр. Тергеу әрекеттері дұрыс жүргізілмеді, жалпы айтқанда көңіліміз толмады.

https://kaz.365info.kz/kamiletke-tolmagan-asan-perdeshov-9-synyp-okhushysyn-zhar-etip-aldy-foto-325210

Ақеркенің жаназасын шығарғанда да, одан кейін де Саят Қозыкешовтың бірде бір туысы келіп, ең болмаса, көңіл де айтпады», – дейді марқұмның нағашы апайы Райхангүл Абдрахманова.

Ал қылмыскердің әйелі Айгүл Омарова болса, «Орал апталығы» газетінің редакциясына өз шындығын айтыпты.

«Ақерке өте ашушаң, шыдамсыз еді. Менің ұлыммен бірге тұрғанда, екеуінің араларында жиі жанжал болып тұратын, – дейді ол. – Ақерке көз жұмған күні тағы да бір-бірімен ұрсысты. Кішкентай баласына қарамайтын, уақытының көбісін әлеуметтік желіде өткізетін. Осындай жаман жақтарын көрген Асылбек ылғи ызаланатын. Бізге ұнамайтын қылықтарын байқасақ та, үндемеуге тырысатынбыз. Ақерке Ақсай қаласындағы қонақ үйлердің бірінде шетелдік азаматпен көңіл жарастырған. Осыны естіген ұлым онымен дереу ажырасқан. Күйеуім негізінде өлтіргісі келмеді, өзі ғайбаттап, айғайлап, осындай іске итермеледі».

https://kaz.365info.kz/videoga-tysirgen-12-zhasar-khyzdy-zheti-aj-bojy-yjinde-zhymys-istejtin-18-erkek-zorlagan-325200

Дегенмен, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Әр адам “Қылмыстың түбі -жаза” екенін ұмытпаса екен.

Әлеуметтік желі қолданушылары да марқұмды қайын атасы емес, күйеуі өлтірген деген болжам айтып отыр. Орал қаласының тұрғындарының айтуынша, әкелі-балалы екеу осыған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

https://kaz.365info.kz/akhsha-tolegen-son-ajzhan-bajzakhovanyn-ayagy-auyr-eken-video-325048

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз