“Онугуу-Прогресс” парламенттік фракциясының жетекшісі Бақыт Торобаев президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы партияның Бішкектегі баспасөз конференциясында белгілі болды. Торобаев билікке жас саяси күштердің келуінің маңызды екенін айтып, мемлекеттік билік жүйесіндегі президенттің рөлі туралы пікірімен бөлісті.
Оның пікірінше, Қырғызстан экономикасын дамыту үшін негізгі әріптестермен қарым-қатынасты күшейту қажет. «Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің нарығына басымдық берген дұрыс. Қырғыз өнеркәсібінің экспорт әлеуметін дамыту – біздің азаматтардың әл-ауқатын жақсартады», – деді «Онугуу-Прогресс» жетекшісі.
Торобаевтың пікірінше, сыртқы саясатта реттілік, прагматизм және жүйелілік болуы керек.
Бұған дейін қырғыздың экс-премьер-министрі Темір Сариевтің президенттік сайлауға қатысатыны белгілі болды. Қырғызстанда президенттік сайлау биыл күзде өтеді.