Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Атамбаев қайтер екен? “Ата Мекен” партиясы Текебаевты қырғыз президенттігіне ұсынды

Депутаттың айтуынша, съезге республиканың барлық аймақтарының партия мүшелері жиналды. Олар партия жетекшісі Өмірбек Текебаев пен төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы министр Дүйшенқұл Чотоновты тез арада босату туралы талапты қабылдады. Екі саясаткер жемқорлық айыбымен екі айға абақтыға қамалды.

“Аймақтардан жиналған делегаттар бүгін тарайды, жұмыстарын штабтарда жалғастырады. Демократия, еркіндік және плюрализмді күшейту үшін күреседі. Біз Конституцияға сүйеніп, республиканың барлық аймақтарында бейбіт шерулер бастаймыз”, – деді Шыкмаматов.

Еске салайық, Текебаев 28 ақпанда сот шешімімен екі айға абақтыға жабылды. Ол ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің арызы бойынша ұсталды. Саясаткер 2010 жылы “Мегаком” компаниясының акцияларын кәсіпкерге сатып алуға көмектесу үшін бір млн доллар пара алған деген күдікке ілікті. Осы іс бойынша бұрынғы министр Дүйшенқұл Чотонов ұсталды. Саясаткерлер тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Бұған дейін 2017 жылы күзде өтетін сайлауда президенттікке таласуға үш саясаткер – Темір Сариев, Бақыт Торобаев және Өмірбек Бабанов үміт білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз