Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Атам Сунь-Ятсен…”. Қытайға тиген қазақ қызы түрін көрсетті (видео)

490

Айтуынша, болашақ жұбайымен Чехияда танысыпты.

“Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепте жұмыс істеп жүріп, Еуропаны аралау туралы ой келген болатын. Жалғыз өзім болғандықтан, қонақ үйде жатуға қорқып, хостелге орналасқан болатынмын. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген мен сияқты туристер, жастар болды. Арасында қазіргі күйеуім де жүрді.

https://kaz.365info.kz/men-barin-de-bilemin-myhtar-tajzhan-khytajga-tigen-khazakh-khyzdary-turaly-ajtty-303538

Үшінші күні ол музейге билет алып қойғанын айтып, мені бірге музей аралауға шақырды.

Көрнекі жерлерін аралап болған соң, ресторанға тамақтануға бардық. Ертеңінде ол Германияға кетті. Германияның Драмштадт қаласында техникалық университетінде магистратурада оқиды екен. Кетерінде менің мекенжайымды алып қалған болатын” – дейді Құндызай.

Құндызайды ұнатып қалған қытай жігіт кейіннен Қазақстанға келген. 

“Оған денсаулығымда ақау барын, өңешімнің жоқтығын айтқан болатынмын. 

Өз елімізде көңілін білдірген қазақ жігіттеріне өңешімнің жоқтығын айтсам, бірден ат тондарын ала қашатын.

Өз аяғымен жүріп-тұрып, жұмыс істеп жүргеніммен, денсаулығыма байланысты жігітпен жүріп, күйеуге шығуға қатты құштар болмадым. Оның үстіне дәрігерлер 5-6 жыл тұрмысқа шықпауға кеңес берді.

https://kaz.365info.kz/khytajga-tigen-khazakh-khyzdaryna-zhanaza-okhylmajdy-video-321571

Студент кезімде Sprite бөтелкесіне құйылып тұрған, сірке суын байқамай ішіп қойып, өңешімді күйдіріп алып, бірнеше күн ес-түссіз жаттым.

Кейін операция жасап, біраз уақыт арнайы аппаратпен тамақтанып жүрдім.

Ал қазіргі күйеуім өңешімнің бар-жоқтығына қараған жоқ. «Ең бастысы қазір амансың, егер алдағы уақытта қандай да бір жағдай туындаса, емдетемін, бәрі жақсы болады» деді. Құдайға шүкір шаңырақ көтергенімізге бір жыл жеті ай болып қалды. Сүйіп қосылдық. Қазақтың салт-дәстүрімен, ең бастысы абыроймен ұзатылдым” дейді қазақ қызы.

Құндызай Қызылорданың қызы. 

Мүмкін денсаулығым әсер етті ме, мүмкін өз бақытымды тапқанымды сезді ме ата-анам қарсы болған жоқ. Қазір Гуанчжоудағы ағылшын тілі орталығында балаларға ағылшын тілінен сабақ беремін. Оқушыларым өте көп. 

https://kaz.365info.kz/khyzyndy-oltir-dedi-khytajga-tigen-khazakh-khyzynyn-akesi-ashynyp-malimdeme-zhasady-322888

Дәрігерлердің ескертпесіне, денсаулығыма қарамастан спортпен тұрақты айналысамын. Дені сау, қалыпты адамдар сияқты тынымсыз еңбек етіп, өмір сүріп жатырмын. Күйеуімнің әкесі, яғни, атам Сунь-Ятсен университетінде профессор болып қызмет атқарады, енем мұғалім. Күйеуім қазір Германияда авиаинженер мамандығында оқып жатыр. Бұйырса осы күз айынан бастап екеуміз Еуропада тұруды жоспарлап отырмыз”, – дейді ол

Сұхбат барысында Құндызай күйеуінің Қазақстанға келгісі келмейтінін айтыпты. 

Шынымды айтсам, күйеуімнің Қазақстанға келгісі жоқ, өмір сүруге қолайсыз ел деп санайды. Ағылшын тілі орталығында оқушыларымның ата-аналары «Америкадан келдіңіз бе, Кореядан келдіңіз бе?» сұрап жатады.

Қазақстаннанмын десем, ешкім білмейді. Сол аздап көңіліме тиеді.

Содан кейін оларға көрші Қазақстан деген мемлекет барын айтып, ескертемін. Көбі өмірінде бір рет географиялық картаға қарап көрмеген сияқты.Бірен-саран қытайлық бізді Димаш Құдайберген арқылы таниды. «Қазақстан» дегенде бірден «О, Димаши! Ол керемет, ғажап әнші! Біз оны құрметтейміз!» деп шығады.

Сұхбат барысында қазақ қызы қазақ жігіттеріне ренжулі екенін айтыпты. 

https://kaz.365info.kz/massagan-talgardagy-symdykh-toj-bolmajtyn-boldy-video-320838

“Әлеуметтік желіде жекеме түрлі видеолар жіберіп, мені балағаттап, ар-намысыма тиіп жататын қазақтар әбден қажытты.

Маған баланың етін жеген, адамның етін жеген видеоларды жібереді.

Олардың бәрі миф. Елде ондай жауыздық танытып жатқан ешкім жоқ. Естуімше қытай тектес бір тайпа бар көрінеді. Сондай жауыздықтары үшін бүкіл тайпа елден қуылған.

Қытайға шыққан қыздарды жезөкшеге теңеп, арын таптағаны дұрыс емес. Біреуге қарғыс айтып, әлжеліде түрлі дәйексіз ақпаратты бөлісіп отыруға уақыт тапса, демек оның жұмысы жоқ-ау. Бірнеше операцияны бастан кешкен менің бір басымда 3,4 жұмысым бар. Әлеуметтік желіде маған күн сайын  қарғыс жаудырғандардан шаршадым. Ер-азаматтарымыз мықты болса, ешбір қыз сыртқа кетпес” дейді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз