Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Атақты фин сиқыршысы Астанада өнер көрсетеді

Концерт Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына орайластырылған және Финляндиядағы бауырлас қала Оулустың тартуы болып табылады. Оулу және Астана қалалары бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойған, 2013 жылдан бері ресми әріптес болып табылады. Концертте Финляндия мен Қазақстанның бірқатар танымал әртістері мен орындаушылары өнер көрсетеді.

Атап айтқанда, күміс көмей әнші, бірқатар әндердің авторы, халықаралық аренада белгілі фин жұлдызы Вениор (Venior) өнер көрсетеді. Ол Финляндияда туған, бірақ Лондонда және Стокгольмде тұрады. Әнші күллі әлемді шарлап, көптеген белгілі әртістермен және әндердің авторларымен, продюсерлермен және ди-джейлермен жұмыс істейді.

Вениор (Venior) музыкасы – бұл түрлі жанрлардың қосындысы. Шара өзінің ғажайып шоуын төрткүл дүниеге таныстырып жүрген фин сиқыршысы Йони Паканеннің шоуымен жалғасады. Кештің ерекше қонағы – ауа гитарасында ойнау бойынша дүниежүзілік чемпион Джастин Говард. «Северный гром» өзінің көрінбейтін гитарасымен Катардың құм төбелерінен Арктикалық шеңберге дейін жүріп өтеді, бейбітшілік, махаббат пен түсіністік туралы жолдауды өнер арқылы таратады.

Сонымен қатар фин орындаушыларымен бірге сахнада Айқын Төлепберген өнер көрсетеді. Кеш жүргізушісі – ағылшын және фин тілдерінде 1000-нан астам шара ұйымдастырған Лаури Саловаара.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз