Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Атақты әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді кездесуге шақырды (фото, видео)

221

Оларға Лара Фабианның сазгері Флабиен хабарласып, Ларамен Уатсап мессенджері арқылы сөйлескен диалогын жіберген. Алпамыс Шаримов кездесу жайлы келіссөздер жүріп жатқанын және бұл диалогты Флабиеннің рұқсатымен жариялап отырғанын атап өтті:

Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?

Лара: Иә, таңқаларлық!

Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!

Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!

Флабиен: Онымен кездессек қалай болады?

Лара: Неге кездеспеске?

Айта кетелік, Лара Фабиан – әлемдік деңгейдегі ерекше дауыс иесі. Димаш Құдайберген Қытайда қатысып жатқан телебайқаудың І-кезеңінде орындаған француз әнін Лара Фабиан Грегори Лемаршалмен кезінде тамаша жұп болып орындаған. Грегори Лемаршаль Францияның „Жұлдыздар фабрикасы„ жобасына қатысып, Лара Фабиан орындайтын «Je T»aime» әнін өзінше тамаша орындап шығады. Бұған елең еткен Лара кейіннен осы жас жігітті тауып алып, бірге ән салуды ұйғарады. Сөйтіп «Аве Мария» дуэті құрылады.

Екеуі сахнада қос ғашық рөлінде талайдың жүрегін елжіретіп, өнерлерімен тәнті етеді. Жасындай жарқ еткен Лемаршалға қысқа ғұмыр бұйырады. Бұл Лара Фабианға ауыр соққы боп тиеді. Алғашқы кезде екеуі бірге салатын әнді Лара көпке дейін орындай алмай жүреді. Ал бойынан күш тауып, бір күні оны орындамақ болғанда әнші сахнада құлап, ауруханаға түседі. Жұрт олардың арасында махаббат болды деген аңызға сенгісі келеді. Бірақ Фабиан тілшілерге берген сұқбаттарында Лемаршалдың өзіне туған бауырындай болғанын айтады.

Лара Фабианға Димаш Лемаршалды есіне түсірді ме екен? Әлемдік деңгейдегі әнші Димашпен де жұптасып ән салғысы келе ме? Ол жағы, әзірге беймәлім.

Еске сала кетсек, кеше Хунань телеарнасының эфирінен «I am a singer» байқауының ІІІ-кезеңі көрсетілді. Онда Димаш Құдайберген Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орын алды. Байқау 14 кезеңнен тұрады. Әзірге, Димаш жалпы есепте бірінші орында тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз