Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ата-бабаларымыз “суицидтің” жолын қалай кескен?

111

Жақсы көретін құда бала бар еді. Өте ақкөңіл, адамға қайырымы күшті екені түрінен көрініп тұратын. Үйі-күйі бар, жағдайы ел қатарлы болатын. Кез-келген жұмысты дөңгелетіп алып кететін еді…

Солай бола тұрса да осыдан бірнеше күн бұрын 44 жасқа қараған шағында, 6 баласы мен сүйіп қосылған жарын тастап өмірден “өз еркімен” кете барыпты.

Не жағдай болғанын ешкім анық білмейді. Тек соңғы кезде ана өмірге дайындалып жүргенін, əйеліне, бір-екі танысына сездіріпті. Бірақ, ешкім мəн бере қоймапты. Қайтыс болғаннан кейін ғана “аһ” ұрып қалды.

Жерлеуіне көп адам келді. Қазіргі “дəстүр” бойынша қайтыс болған адам жайлы естеліктер мен оның жақсы қасиеттерін айтып, ата-анасына, ағайын бауырына сабыр тілеп, қазаның қайырлы болуын айтып жатты.

Ал менің қолқамда “Бірақ” пен “Əтеген-ай” кептеліп тұрды да қойды. Қайран ата-бабамыздың “алтын заңы-ай”.

Бұл суицид неге көбейіп кетті соншама?

Өткен ғасырда адамдар арасында суицидтің көбейіп кеткені қатты алаңдатқан. Бұған тосқауыл ретінде Бразилия ғалымдары киносериалдарды ойлап тауыпты. Шынында да ең алғашқы “Жəй ғана Мария”, “Байлар да жылайды” сериалдары шыққанда халық арасында суицид күрт азайып кеткен екен.

Мәлик Орақұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз