Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Ата-анасының қарауынсыз қалған ақтөбелік 6 бала уақытша пәтерге көшерілді

«Шыныбековтер отбасы қазір уақытша пәтерге көшті. Отбасы 2 бөлмелі жақсы пәтерде негізгі үй жөнделгенше тұрады. Белсенді ақтөбеліктер, әкімдік өкілдері тарапынан қолдау ретінде азық-түлік, киім-кешек жеткізіліп жатыр. Ал мектеп жасына толмаған балаларды №13 балабақшаға орналастыруға ұсыныс жасалды. Отбасы әлі келісімін берген жоқ. Ал мектеп жасындағы 2 баласы №6 орта мектепте білім алып жүр»,- деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шыныбековтер отбасы Ақтөбеге еліміздің оңтүстік өңірінен қоныс аударған. Анасы Жанар Тәшімбетова Таразда сауда жасап жүр. Әкесі Бақыт Шыныбеков жүрек талмасына ұшырап, ауруханада ем қабылдап жатыр. Отбасының үлкен қызы Сапаргүл 5 бауырын бағып, тіпті, 7 айлық Русланның күтімін жасап отыр.

Еске салсақ, ақтөбеліктер әлеуметтік желі арқылы Шыныбековтер отбасына көмек қажет екенін айтып, жан-жақтан жәрдем күткен болатын. Нәтижесінде қайырымды жандар киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп берді. Жиһаз бен құрылыс материалдары да бар.

Қалалық әкімдік пен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ортақ шешіміне орай отбасының үлкен қызы Сапаргүл Ниязбек бір жыл бойы тегін білім алады. Ал үйді кәсіпкерлер мен көмектесуге ерік білдірген жандар жөндейді. Алдағы уақытта ата-анасын жұмысқа орналастыру мәселесі қарастыралады.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз