18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
12
USD
387.34
+0.57
EUR
428.44
+1.18
RUB
6.04
+0.04

Ат үстінде билеген әйел жұртты таңғалдырды

Instagram желісінде аттың үстінде билеп тұрған қырғызстандық әйелдің видеосы тарады.

«Жастардың өзі олай істей алмайды» деп аталатын ролик OMKS блогында жарияланған. Онда әйел 30 секундтай ат үстінде тұрып билейді. Құлап қалу қаупіне қарамастан, ол өзін еркін сезініп тұрғаны байқалады.

Ролик тез танымал болды, оны 150 мыңнан аса адам көрген және мыңдаған пікір жазылған. Желі қолданушылары әйелдің батылдығына таңғалды, бірақ мұндайды одан қайталамауын сұрады, өйткені салдары ауыр болуы мүмкін.