Белгілі музыкант, сазгер Арман Дүйсенов Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атанып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Соңғы кездері мемлекеттік атақ алған әртістер жаһанға жар салып, дүркіретіп той жасауды әдетке айналдырған. Мәселен, 2017 жылдың желтоқсан айында қайраткер атанған Бүркіт те дүркіретіп тойлаған еді. Әріптестеріне қос-қостап Iphone телефонын үлестірген әнші аста-төк той жасаған.
Сазгердің тойына “Музарт” тобынан бастап қазақ эстрадасындағы танымал әртістер түгел жиналды.